Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ 1150 жылдығы

30 Қаңтар 2020

Ғұлама ойшыл «Әлемнің екінші ұстазы» атанған ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ 1150 жылдығы күні кеше Алматыда ресми түрде бастау алды.

Президент бастамасымен биыл ұлы ғұламаның мерейтойы кең көлемде, ЮНЕСКО қамқорлығымен жыл бойы халықаралық ауқымда аталып өтілмек. Мерейтойдың ресми ашылу салтанатына БҰҰ, ЮНЕСКО, Ислам ынтымақтастық ұйымы, Түрксой сынды бірнеше халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссия өкілдері мен белгілі ғалымдар қатысты.

Салтанатты шарадағы театрландырылған көріністе Мемлекеттік ҚУЫРШАҚ театрының бірқатар артистері бой көрсетіп, ӘЛ ФАРАБИДІҢ әкесін талантты артист, "Сахнагер - 2018" Ұлттық театр сыйлығының иегері БОЛАТ МОМЫНЖАНОВ, анасын актриса, "Еңлікгүл" Театр сыйлығының иегері ҰЛБОЛСЫН МОМЫНЖАНОВА және бас уәзірді актер АЛТАЙ ТӘУЕКЕЛОВ сахналады!