Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Наедине с Пушкиным

8 Ақпан 2020

Өңіраралық шығармашылық байланысты нығайту, өзара мәдени ынтымақтастықты дамыту мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының ұйымдастырылуымен Қазақстанның мәдениет қайраткері, Қырғызстан Республикасының Халық артисі Сергей Матвеевтің 70-жылдық мерейтойы аясында "НАЕДИНЕ С ПУШКИНЫМ" атты моноспектаклі қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылды

Сахна өнерінің озық үлгісін ұсынып, рухани биікке шарықтатқан әріптестерімізге зор алғыс білдіре отырып, маңызы мол игі шараның жүзеге асырылуында сәттілік, шығармашылық жеңістер тілейміз!