Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Жеңісті жексенбі

9 Ақпан 2020

Көрермен бағасы, ықыласы мен пікірін теңдессіз жетістік санайтын Мемлекеттік ҚУЫРШАҚ театры үшін әрбір оқырман назары - ерен еңбектің ескерілуі, баға жетпес асыл сыйлық.

Осы орайда, парақшамызға 10 000 – шы болып болып тіркелген Бақытжамал Садырбай есімді оқырманымыз бүгінгі жексенбінің жүлделі көрермені атанып, арнайы сыйлыққа ие болды.

Театр жаңалықтарынан қапы қалмайтын сүйікті көрермендерімізге зор алғыс білдіреміз!