Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

«Мәдениет саласының үздігі»

19 Желтоқсан 2019

ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен театрдың орта буын артисі А.Тәуекелов, ҚР Мәдениет және Спорт министрлігінің «Құрмет грамотасымен» Т.Тлеулиева және М.Тәуекелова марапатталды.

 

 

Өнер саласындағы үздік қызметкерлердің жетістіктерін қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында жарық көрген «Алтын кітап» республикалық энциклопедиясына еніп, Мәдениет саласына қосқан үлесі мен кәсіби саласында жеткен жетістіктері үшін, Құрмет грамотасы және «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін иеленген театр артистері А.Жақыпбаев, Б.Қаюов, А.Тәуелекелов, Б.Момынжанов және «Жастар жылы» аясында театрдың жас буын артистері М.Камалов пен А.Байырбековаға аталмыш энциклопедия табысталынды.