Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

САХНАГЕР - 2019

17 Желтоқсан 2019

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан театрлар ассоциациясының ұйымдастыруымен «Сахнагер -  2019» Ұлттық Театр сыйлығының салтанатты марапаттау кешінде ҚР мәдениет қайраткері, Мемлекеттік қуыршақ театрының директоры Т.Есеналиев «Үздік театр менеджері» жүлдесіне, актирса А.Байырбекова «Үміт» жүлдесіне ие болды.