Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

АНА ЖҮРЕГІ АНКАРА ТӨРІНЕ АТТАНБАҚШЫ

17 Қазан 2019

 

Жеңіс тұғырына жеткен сайын, жаңа белеске айқын мақсаттармен қадам басуға талпынатын Алматы Мемлекеттік ҚУЫРШАҚ театры ағымдағы жылдың 19 – 27 қазан аралығында кезекті театр додасы Түркия Республикасы, Анкара қаласында өткізілетін V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АНКАРА_ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІНЕ «Ана жүрегі» (авт.: Е.Ионов, реж.: А.Зайцев) спектаклімен жол тартпақшы.

Ана мен бала арасындағы тылсым сезім иірімін қуыршақ өнерімен астастыра, заманауи кейіпкерлер образы мен қоғамның өзекті мәселелерін көрсететін спектакль Анкара қаласында лайықты бағасын алады деп сенеміз.


АНА ЖҮРЕГІ СПЕКТАКЛІ:

 2018ж. «ОТКРОВЕНИЕ» V Халықаралық орындаушылық өнер фестивалі (Алматы қ.);

 2018ж. «АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ – V» Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалінде бас жүлде мен «Ең үздік қойылым» номинациясының иегері. (Ақтөбе қ.)

 2018ж. «ЧОДАРИ ХАЁЛ» VI Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі (Душанбе қ.);

 2019ж. X «КУКART» Халықаралық театр фестивалінде «Үздік актерлік ансамбль» және «Ең үздік спектакль» жүлделерінің иегері (Санкт-Петербург қ.);

 2019ж. «В ГОСТЯХ У «АРЛЕКИНА» VI Халықаралық театр фестивалі (Омбы қ.).