Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

КӨКШЕНІҢ ӨНЕР КӨГІНДЕ АНА ЖҮРЕГІ

31 Қазан 2019

 

Қастерлі қасиет иесі, өмір нұры аяулы ана бейнесінің сырлы сипатын қуыршақ әлемінде көрсететін АНА ЖҮРЕГІ (авт.: Е.Ионов, реж.: А.Зайцев) спектаклі аты аңызға айналған Көкшетау өңірінде 30 қазан - 4 қараша аралығындағы "ТеАRT Көкше" I Халықаралық театр фестивалінде ұсынылмақ.

Асқақ армандар арқалаған Мемлекеттік ҚУЫРШАҚ театры ұжымының аттанар сапарына сәттілік тілейміз.


АНА ЖҮРЕГІ СПЕКТАКЛІ:

▪️2018ж. «ОТКРОВЕНИЕ» V Халықаралық орындаушылық өнер фестивалі (Алматы қ.);
▪️2018ж. «АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ – V» Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалінде бас жүлде мен «Ең үздік қойылым» номинациясының иегері. (Ақтөбе қ.)
▪️2018ж. «ЧОДАРИ ХАЁЛ» VI Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі (Душанбе қ.);
▪️2019ж. X «КУКART» Халықаралық театр фестивалінде «Үздік актерлік ансамбль» және «Ең үздік спектакль» жүлделерінің иегері (Санкт-Петербург қ.);
▪️2019ж. «В ГОСТЯХ У «АРЛЕКИНА» VI Халықаралық театр фестивалі (Омбы қ.).
▪️2019ж. V Халықаралық «АНКАРА» қуыршақ театрлар фестивалі (Анкара.қ.)