Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

МЕМЛЕКЕТТІК ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ САХНАСЫНДА - АЛАҚАЙ ТЕАТРЫ!

8 Қазан 2019

 

Бүгін ару қала Алматыға, Алатаудың баурайына ат басын бұрған Ақтөбе облыстық АЛАҚАЙ қуыршақ театрын Мемлекеттік ҚУЫРШАҚ театрының ұжымы қуанышпен қарсы алды.

Қадірлі көрермен, арайлы Ақтөбенің АЛАҚАЙ театры 7 қазан сағат 11:00, 12:00 және 13:00-де әсем шырқалған ән ырғағында, сиқырлы шығыс және грузин қуыршақтарының ғажайып әлемі ЖАДЫРА ЖАЙНА ДОСТАР!(реж.: Г.Гипиков) спектаклін өнер ордамызда көрермендерге ұсынатындығын естеріңізге саламыз.