Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Мемлекеттік ҚУЫРШАҚ театрының 84-ші маусымы жабылды!

6 Қазан 2019

 

Аталмыш маусым театр ұжымы үшін шығармашылық жетістіктерге толы болды. Атап айтқанда, 7 бірдей Халықаралық театр фестивальдерінен мол тәжірибе мен жүлделерге иеленіп оралды. Бүлдіршіндерге арналған «ВРЕМЯ ХРАБРЫХ», (авт.: В.Зимин, реж.: А.Зайцев) ересектерге арналған «МЕДЕЯ», (авт.: Еврипид, реж.: А.Салбан) «РОМЕО мен ДЖУЛЬЕТТА» (авт.:У.Шекспир, реж.: Д.Жұмабаева) спектакльдері театр репертуарының қатарын толықтырды.

Бұл маусымда екінші рет «ҚУЫРШАҚТАР ШАҚЫРАДЫ» театрішілік фестивалі мен «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» сайысы өз жалғасын тауып, жоғарғы деңгейде өткізілді.

Театр тынысы БАҚ назарынан тысқары қалмай, ұжымның еңбегі телеарналық бағдарламалар, радио, ақпарат порталдары арқылы көрерменмен байланысты нығайта түсті. Театр қызметкерлерін көрерменге таныстыру, шығармашылық еркіндіктерін шыңдау мақсатында түрлі сұхббаттар алынып, ҚУЫРШАҚ театрының қазақ театр өнеріндегі өзіндік орнының айқындалуына зор қадамдар жасалынды.