Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

ТЕАТР ТЫНЫСЫ

27 Тамыз 2019

Бүгін мәдениет, өнер саласындағы үздік қызметкерлердің жетістіктерін қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында жарық көрген «Алтын кітап» республикалық энциклопедиясына еніп, Мәдениет саласына қосқан үлесі мен кәсіби саласында жеткен жетістіктері үшін, Құрмет грамотасы және «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін иеленген театр артистері А.Жақыпбаев, Б. Қаюов, А.Тәуекелов, Б.Момынжанов, М.Камалов, А.Байырбековаға аталмыш энциклопедияны табыстады. Ізденіс пен жаңашылдыққа жаны құмар театр артистерін марапаттарымен құттықтаймыз!