Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Мемлекеттік қуыршақ театры "КУКАRT" Халықаралық театр фестивалінен жүлдемен оралды!

25 Маусым 2019

Мемлекеттік қуыршақ театрының ұжымы - XIV Халықаралық "КУКART" халықаларық театр фестивалінен оралды. 24 маусым күні Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласының музыкалық "Зазеркалье" театрының сахнасында «АНА ЖҮРЕГІ» (авт.:Е.Ионов, реж.:А.Зайцев) қойылымымен бақ сынаған өнер ордамыз "ҮЗДІК СПЕКТАКЛЬ" және "ҮЗДІК АКТЕРЛІК АНСАМБЛЬ" номинацияларын жеңіп алды. КУКART Халықаралық қуыршақ фестивалі 1993 жылдан бері өткізіліп келе жатқан қайырымдылық бағыттағы коммерциялық емес жалғыз фестиваль. Түрлі елдер мен халықтар арасындағы мәдени көпірге айналған биылғы фестивальде Европаның Швеция, Испания, Германия, Польша, Бельгия, Болгария және ТМД-дан Беларусь, Қазақстан мемлекеттерінің өнер ошақтары өз қойылымдарын фестиваль қатысушылары мен сарапшыларының назарына ұсынды. Фестиваль бағдарламасы аясында көрсетілген 52 қойылымның арасында үздіктер қатарынан көрінген театр ұжымы  шетелдік көрермендер мен сарапшылар тарапынан ыстық ықыласқа бөленді.