Қуыршақ театрының тұрақты көрермендері, сіздермен кезекті жаңалығымызды бөліскіміз келеді. Сіз ҚУЫРШАҚ театрының қойылымдарын бір ай бойы ТЕГІН тамашалағыңыз келеді ме?

Ендеше, төмендегі шарттарды орындау арқылы керемет мүмкіндікке ие болыңыз:

1. 18 мамыр - 18 маусым аралығында театрдағы 5 қойылымды көру

2. Бес билетті сақтау және бір ай өткен соң кассаға әкеліп көрсету

3. Театрдың Instagram парақшасындағы осы посттың астына #қатысамын деп пікір қалдыру.

Егер, аталған шарттардың барлығы орындалса сізді 18 маусым - 18 шілде аралығындағы барлық қойылымдар тегін күтеді!

Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз! Қуыршақ театрының мақсаты - көрермендеріне қуаныш сыйлау!

P.S.: Байқауда аталған шарттарды АЛҒАШҚЫ болып орындаған ЕКІ қатысушы ғана Қуыршақ театры ұсынған жеңілдікке ие болады. Сондықтан, асығыңыздар!