Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Қуыршақ театры мерейлі 88-ші маусымын ашады!

19 Қыркүйек 2023

Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры әр жыл сайын көрермен талғамы мен қызығушылығына сай, қазіргі таңдағы өзекті де белді оқиғаларды кішкентай бүлдіршіндер сұранысына сәйкес қойылымдар арқылы арнасын толықтырып, жаңаша тың жобаларды іске асыруды басты мақсат санайды.       

Республика тарихындағы тұңғыш қуыршақ театры бүгінде 88 жылдық тарихқа ие өрелі өнер ордасы. Жаңа маусымда театр ұжымы кішкентай бүлдіршіндерге ғана емес, ересектерге де арналған қойылымдар сахналауды жоспарлауда.

Қыркүйек айының 20-шы жұлдызында жаңа маусымның салтанатты шымылдығы кішкентай бүлдіршіндерге арналған «Бауырсақ» ертегісінің премьерасымен ашылады! Аталмыш қойылымға ұтымды шешімдері, жаңашыл көзқарастарымен ерекшеленген, халықаралық, республикалық театр фестивальдерінің бірнеше дүркін жеңімпазы Антон Зайцев режиссерлік етпек. 

Жаңа маусымда театр көрермендерін жаңа қойылымдармен, жарқын жобалармен, ерекше көңіл-күймен қарсы алмақ. 

Қуыршақ театрының ұжымы сүйікті қаламыздың балдырғандары мен қонақтарын  88-ші театр маусымының ашылуында асыға күтеді!

 

Мәдениет порталы

Сілтеме: http://madeniportal.kz/article/8282