Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Театрдың қуанышы

8 Тамыз 2023

Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры қазіргі заманауи тенденцияларды, көркемдік-эстетикалық өзгерістерді, жаһандық әлемдегі жаңа бағыттар мен үздік шешімдерді меңгеру, театрдың бүгінгі тынысын кеңейту жолында халықаралық ірі жобаларға қатысуды негізгі жұмыс барысына айналдырған.

Осы орайда театр ұжымы Қазақстан ғана емес, Түркия, Ресей мемлекеттерімен қатар Еуропа елдерінің де ірі, беделді қуыршақ театр фестивальдары­на арнайы шақырту алып, үз­діктер қатарынан көрініп жүр­гендігін баса айта кеткен жөн.

2022 жылы аталған өнер ұжымы Болгариядағы Варна қаласында өткен XVII ха­лық­аралық «Алтын дельфин» қуыр­шақ театрлар фестивалінде әлемдік классиканың озық үл­гісі – «Ромео мен Джульетта» (реж. Д.Жұмабаева) қойы­лы­-
мын ұсынып, Гран-при жүл­десін, сонымен қатар театр әр­тістері Шохан Құлназаров «Ең үздік ер адам рөлі», Ұлан Асанбек және Ұлпан Серік «Ең үздік дебют» аталымдарын ­иеленген болатын.

Ал биыл Бургас қаласында (Болгария) 30 шілде мен 5 тамыз аралығында өткен ашық аспан астындағы Х халықаралық «Қуыршақ күндері» атты фес­тивальға арнайы жолдама алып, Құралай Ешмұратова­ның режиссерлігімен сахналан­ған «Қуыршақ думан» қойы­лы­мымен қатысты.

Сонымен қатар Х халық­аралық «Қуыршақ күндері» фестивалі аясында театр ұжы­мы Бургас қаласының мэрі – Димитър Николовтың арна­йы қабылдауында болып, бола­шақ­тағы бірлескен жобалар тұр­ғысында жоспар құрып тал­қылады.

Бургас мемлекеттік қуыр­шақ театрының басшысы Хрис­тина Арсеновамен шы­ғар­машылық кездесу ұйым­дастырылып, заманауи тех­никалық жабдықтарды қол­дана күрделі де сапалы қуыр­шақтардың дайындалуынан, жүргізілуі мен сақталуынан, театр тынысының хабар беретін экскурсиямен жалғасын тапты.

Аталған фестивальда елі­­міз­ден бөлек Болгария, Нидерланд, Румыния мемле­кет­те­рі­нен іріктелген таңдаулы 13  ұжым өнер көрсетті. Дүбірлі до­дада Алматы Мемлекеттік қуыр­шақ театры Бургас қаласы әкім­дігінің шешімімен Гран-при жүлдесін жеңіп алды.

 

Маржан ӘБІШ

"ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН" газеті порталы

Сілтеме: https://egemen.kz/article/346936-teatrdynh-quanyshy