Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Қуыршақ театрының тарихы мен соңғы жылдардарғы жетістіктері

17 Наурыз 2023

Қуыршақ театрларының қара шаңырағы саналатын, Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры – Республика тарихындағы тұңғыш қуыршақ театры. 1935 жылы ашылған театр ордасы таяқ қуыршақтан бастап, бүгінгі заман ағымына сай күрделі марионеткалар, соңғы үлгідегі техникалық-лазерлі көркемдеулермен жабдықталған87 жылдық терең тарихы бар театр әр елдің шығармаларын ұлттық тілде сахналаумен қатар талантты артистердің, қуыршақ шеберлерінің, режиссерлердің, суретшілердің бірнеше ұрпағын тәрбиелеп шығаруда. Бүгінде ұлттың рухани қажеттілігін өтеп отырған театрдың репертуарлық саясатының ауқымы кеңкішкентай бүлдіршіндерге берері молТағылымы мен тәрбиесі қатар көрініс табатын театр репертуарындағы қырықтан астам қойылымдар бүгінде қазақ  және орыс тілдерінде көрермен назарына ұсынылып отыр.

Қазақ қуыршақ өнерін өркендету, кешегі мен бүгінгі өмір арасын өнердің биік шыңы арқылы шынайы көрсете білуді мақсат тұтатын өнерұжымы, елімізде және шет елдерде өтетін халықаралық, республикалық театр фестивалдерінде биік белестерді бағындырып жүр.Атап айтар болсақ, соңғы төрт жыл ішінде Ресей, Түркия, Болгария, Молдавия, Татарстан, Қырғызстан Республикаларының түрлі қалалары мен отандық қуыршақ және экспериментальды қойылымдар фестивальдерін қоса алғанда 40 – қа жуық қуыршақ өнерінің таңдаулыларымен қатарбой көрсетіп, жүлделі орындарға ие болып келеді.

Жемісі мен жеңісі қатар келіп театр жетістіктерқоржынын толықтырған 2022 жыл ұжым үшін қызыққа толы, тәжиірбесі мен тартысы көп жыл болды десек болады. Мәселен,  2022 жылдың 11-17 сәуірінде «Ромео мен Джульетта» (реж. Д. Жұмабаева) спектаклімен Алматы қаласында өткен «Тотал театр» театрының «Махаббат туралы спектакльдер апталығы» атты фестиваліне қатысып, «Сүйікті спектакль» номинациясын, 20-25 сәуірінде ересектерге арналған «Макбет. Иллюзия» (реж. Д. Жұмабаева) спектаклімен Ақтөбе қаласында өткен V Халықаралық «BALAUSA» экспериментальды спектакльдер фестиваліне қатысып, «Үздік қойылым», «Үздік сценография» номинациялары бойынша Гран-При20-23 қыркүйегінде «Мен бір жұмбақ адаммын… Абай» (реж.: А.Зайцев) спектаклімен VI Халықаралық «Ассалаумағалейкум» қуыршақ театрлар фестиваліне қатысып, «Ересектерге арналған ең үздік қойылым» номинациясы бойынша «Гран-При»1-6 қазан аралығында Болгария Республикасының Варна қаласында өткен XVIII Халықаралық «Алтын дельфин» қуыршақ фестиваліне «Ромео мен Джульетта» (реж.: Д.Жұмабаева) спектаклімен қатысып, ересектерге арналған қойылымдар секциясы бойынша «Гран-При», 15-23 қазан аралығында Түркия астанасында өткен VIII Халықаралық «Анкара» қуыршақ театрлары фестиваліне ересектерге арналған «Шал мен теңіз» спектаклімен (реж.: Д. Жұмабаева) және балаларға арналған «Қаңбақ шал»қойылымымен қатысып, арнайы дипломға ие болды.

Ұжымның бұл қуаныштарының ең үлкен себепкерінің бірі 2022 жылы театр басшылығына келген Алмат Амангелдіұлының демеуі мен ұйымдастырушылығының арқасында деуге болды. Әр бәйгеде ұжыммен бірлесіп сапарға аттанып тақымын қысып жеңісті қолдан бермей келеді. Тегеуірінді Қазақстанның теңдессіз театрларының біріне айналған театр ұжымы ағымдағы жылы Грузия Республикасы, Озургети қаласы, Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Мәскеу қалаларына , Болгария Республикасының София, Бургас, Стара Загора қалаларынаТатарстан Республикасы, Қазан қаласы және еліміздегі театр фестивальдеріне де қатысуды жоспарлап отыр.Рухани асыл құндылықтарды дәріптеп, адамгершілік биік ұғымдарды жас жеткіншектер бойына тәрбиелік мәні жоғары спектакльдер арқылы ұғындырып жүрген театр биылғы жылды да өз деңгейінде бастады.  Алғаш рет балалардың өмір қауіпсіздігі мен денсаулық сақтау, салауатты өмір сүруге шақыратын ақпараттық – танымдық жанрдағы «Есте сақта, балақай!» және орыс халық ертегісі «Гуси-лебеди» қойылымдарын ұсынса,алдағы уақытта «Тазша бала»«Гном мұрын»«Дала аңызы, уа Алдар!»«Етік киген мысық»«Вместе с нами поиграй», сонымен қатарересектерге арналған «Қорқыт» және «Қыз жиырмаға толғанда» мюзиклі қойылымдары театр репертуарын толықтырмақ. Өнер ұжымының алдағы жоспарлары театрдың әлеуметтік желілерінде алдын ала жарияланып отырады. Инстаграм (kuyrshak_teatry), Фейсбук (Қуыршақ Қуыршақ).

Ізгілікке жаны құмар, балдырғандарын қуантуға асық Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрының есігі әрбір театр сүйер қауымға әрқашан ашық. Көгілдір көктемнің көңілді күндерін қуыршақ театрымен бірге өткізіңіздер көрермен!

 

"ALASH.KZ" порталы

Сілтеме: https://alash.kz/quyrshaq-teatrynyng-tarihy-men-songgy-zhyldardargy-zhetistikteri/