Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

«СКРИПКАШЫ ҚЫЗ» | Драма | ІІ Almaty Puppet Festival – 2024

16 Қазан 2024

«BAJ» театры / Варшава қаласы, Польша

Авторы: Джон Фоссе

Драматургия: Игнрид Веме Нильсен

Режиссері: Ева Пиотровска

Сценография: Эдита Жевуска

Музыка: Каролин Райзинг Несс

 

Скрипкада ойнауды жақсы көрген қыз әкесін іздеуге шығады. Оның жүретін жолы теңіз, жартастар мен ормандар арқылы өтеді. Табиғат – оның кедергісі, жолы және айнасы болып табылады. Оның сезімдері толқындардың шуында, солтүстік шұғыласының жарқырауында және желдегі ұшуларында көрініс табады. Ол шын жүрегімен сенген музыка оны үмітсіздік пен қараңғылыққа батқан әкесіне алып келеді.

 

Спектакль сөзсіз өтеді.