Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

«ҚЫЗҒЫЛТ ГҮЛ» | түрлі-түсті көлеңкелі қуыршақтар ертегісі | ІІ Almaty Puppet Festival - 2024

16 Қазан 2024

«Скарабей» көлеңкелі балалар театры / Челябинск қаласы, Ресей

 

Авторы: Сергей Аксаков

Режиссері: Сергей Черепанов

Суретші: Анна Петкевич

Қоюшы-суретші: Андрей Ефимов

Музыка: Андрей Бызов

Жас: 6+

 

Ертегілер әлемі шексіз, және әрбір кішкентай ертегінің өзінде үлкен даналық жатыр. Осы ертегілер әлемінде ерекше орын алатын оқиға - сұлу қыздың қорқынышты мақұлықты сүйгені жайлы хикая. Бұл ертегі әртүрлі формада әлемнің көптеген халықтарының мәдениетінде кездеседі. Ресейде оны «Қызғылт гүл» деп атайды және оны 1857 жылы жазушы Сергей Аксаков жазған. Спектакль авторлары классикалық ертегі сюжетін заманауи көрерменге түсінікті қылып юмор және атмсофера қосқан.

 

Спектакль орыс тілінде өтеді.