Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

«Али баба және 40 қарақшы» | ертегі | II Almaty Puppet Festival – 2024

16 Қазан 2024

Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының қуыршақ труппасы / Қарағанды, Қазақстан

 

Режиссер: Антон Зайцев

Суретші: Юлия Чернова

Композитор: Евгений Ионов

Жас ерекшелігі: 4+

 

Дәмді нан-тоқаштардың хош иісі мұрын жарған, ертегідегідей тәттілерге толы Шығыс базары салтанат құрған әлемде мейірімді де, мәрт көңілді, жомарт жүректі Әли баба, жақсыны көре алмайтын, қызғаншақ Қасым мен қырық қарақшыға кездесесіз. Бала ғана емес, ересек көрерменге де ұнайтын қойылымнан кеңпейілді жомарттықтың маңыздылығы, сараңдықтың салдарын ұғынасыз, отбасылық құндылықтарды бағалайсыз.

 

Спектакль қазақ тілінде өтеді.