Көпбаева Гүлім Көпбайқызы 1991 жылдың 17 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген.
1998-2007 жылдары аралығында Ұржар ауданы Көлденең орта мектебінде жалпы білім алған.
2007-2010 жылдары Семей қаласындағы Семей көп салалы колледжінде «Аудармашы – референт» мамандығы бойынша білім алып, қызыл дипломмен тәмамдады.
2010-2014 жылдары аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде кинотанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Б.Р.Нөгербектің шеберханасында «Кинотану» мамандығы бойынша оқып, үздік дипломмен аяқтады.
2014-2016 жылы аталмыш оқу ордасында «Кинотану» мамандығы бойынша білімін жетілдіріп, өнертану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін иеленді.
2013 және 2014 жылдары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры стипендиясының иегері атанды.
2015 жылы – Өнертану институтында кинотанушы, PhD А.Мартонова жетекшілігімен шетелдік тағылымдаман өтіп, біліктілігін арттырды (София қ., Болгария Республикасы).
2014-2016 жылдар аралығында Қазақ ұлттық өнер университетіндегі «Шабыт» журналының бас редакторы.
2018 жылдан бері Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Өнертану» факультеті «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасында «Өнертану» мамандандыруы бойынша докторантурада білім алуда.
2019 жылы – Ш.Руставели атындағы Грузия Мемлекеттік театр және кино университетінде кинотанушы, PhD Л.Очиаури жетекшілігімен шетелдік тағылымдаман өтіп, біліктілігін арттырды (Тбилиси қ., Грузия Республикасы).
Алғашқы еңбек жолын 2014-2016 жылдары аралығында Нұр-Сұлтан қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Ақпарат және жарнама бөлімінде ақпарат менеджері болып бастады.
2016-2017 жылдар аралығында Қазақ ұлттық хореография академиясында «Арт-менеджмент» кафедрасында оқытушы қызметіне қабылданып, дәріс оқыды.
Сондай-ақ, 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы қаласының «Мемлекеттік қуыршақ театры» КМҚК-да Әкімшілік және ақпарат бөлімінің жетекшісі, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Өнертану» факультеті «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасында оқытушы қызметінде еңбек етуде.