Сағыныш шөбі
Жанр: Драма
Автор: Рахымжан Отарбаев
Режиссер: Рүстем Жаныаманов
+14
Қойылым Дешті-Қыпшақ ұланы, он жасында жетім қалып, құлдыққа өзге елге сатылып кеткен қатардағы құлдан Мысыр елінің билеушісі дəрежесіне дейін көтерілген тағдыры өте күрделі Сұлтан аз-Захир Бейбарыстың өмірбаянын суреттейді. Қаншалықты биік даңқ пен зор билікке ие болса да, Бейбарыс бабамыздың жүрегін мəңгілік сағыныш сыздатып өтеді. Туған еліне, даласына, жусанның иісіне деген сағыныш - спектакльдің негізгі лейтмотиві. "Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол" дегенді халық босқа айтпаса керек.