Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрының қуыршақ труппасының «Ақсақ құлан» спектаклі

Жанры: Аңыз негізіндегі қуыршақ қойылымы

Тілі: Қазақ тілінде

Өтетін орны: Мемлекеттік қуыршақ театры, үлкен зал

Өтетін күні мен уақыты: 22 қазан 2023 жыл, 10:00

 

Спектакльдің шығармашылық құрамы

Автор — Үмітай Молдаберген. Қоюшы суретші — Жұмабай Сәрсенов.

Әдеби-музыкалық негізі — Жошы хан, Кетбұға және «Ақсақ құлан» күйі туралы халық аңызы.

 

Спектакль туралы

«Ақсақ құлан» – қазақ халқының тарихи аңыздарының бірі. Шығарма атауы ұлттық тарихи жадпен, күй өнерімен және ел арасында сақталған аңыздық мұрамен байланысты.

Жошының қазасын қаһарлы ханға ешкім жеткізуге батпайды. Сонда Кетбұға ауыр хабарды сөзбен емес, домбыраның үнімен естіртеді. Қазақтың әйгілі аңызына арқау болған бұл хикая күйдің құдіреті мен өнердің адам жүрегіне әсерін танытады. Әйгілі аңыз қуыршақ театр сахнасында бой көрсетеді.

Театр туралы

Жезқазған қуыршақ театры 1985 жылы құрылды. 1997 жылы Серке Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының құрамына енді.