Польшаның «Baj» балалар театрының «Книжка» спектаклі
Жанры: Ең кішкентай көрерменге арналған қағаз театры
Жас ерекшелігі: 0–3 жас
Ұзақтығы: 30 минут; қойылымнан кейін 15 минут қағазбен бірлескен ойын
Тілі: Сөзсіз
Өтетін орны: Мемлекеттік қуыршақ театры, кіші зал
Өтетін күні мен уақыты: 21 қазан 2023 жыл, 17:00
Спектакльдің шығармашылық құрамы
Режиссері: Elżbieta Bieda (Эльжбета Беда)
Режиссура және сценография — Elżbieta Bieda және Marek Zimakiewicz.
Музыка — Kamil Zawiślak.
Шығармашылық педагогика жөніндегі кеңесшілер — Dominika және Karolina Orłowskie.
Спектакль туралы
Аннотация: Бұл кітапшада әріптер жоқ, есесіне бояу, пішін мен дыбысқа толы ғажайып әлем бар. Актерлер оның беттерін ашқан сайын қағаздан жасалған бейнелер жанданып, кішкентай көрерменді табиғатпен және айналасындағы дүниемен таныстырады. Оригами мен киригами тәсілдеріне құрылған қойылымнан кейін балалар мен ата-аналар бірге қағазбен ойнап, өз қиялындағы кітапты жасауға шақырылады.
Театр туралы
Варшавадағы Baj театры 1928 жылы құрылған және Польшадағы балаларға арналған ең көне қуыршақ театры саналады. Ұжым дәстүрлі қуыршақ өнерімен қатар жаңа сахналық формаларды дамытады. Оның жұмысында баланың жас ерекшелігін ескеру, қиялын ояту және театрды түсінуге баулу маңызды орын алады. Театр спектакльдермен бірге білім беру бағдарламаларын жүргізіп, ең кішкентай көрерменге арналған туындыларға да көңіл бөледі.