Маңғыстау облыстық қуыршақ театрының «Земля предков» спектаклі
Жанры: Этникалық моноспектакль
Тілі: Орыс тілінде
Өтетін орны: үлкен зал
Өтетін күні мен уақыты: 20-қазан, 15:00
Спектакльдің шығармашылық құрамы
Автор әрі режиссері: Надежда Насырова.
Суретшісі: Гүлнар Канафина
Спектакль туралы
«Земля предков»
Спектакль бізді Ұлы Тәңірі билік құрған, бақсылық өнері дүниеге келген көне дәуірге жетелейді. Бұл тарихты адамдардың жер бетінде қалдырған іздері ғана сақтап қалғандай, ал желдің рухы оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген…
Ертеде бір отбасы өмір сүріпті. Олардың Ержүрек есімді ұлы болған екен. Бұл — әкесін құтқару үшін жолға шыққан кішкентай баланың хикаясы. Өйткені жаның таза, жүрегің батыл болса, бәріне де қол жеткізуге болады. Өз басыңды емес, қиындыққа тап болған өзгенің қамын ойлап, көмек қолын соза білсең, табиғат пен туған жеріңді қадірлеп, аялай алсаң, табиғат рухтары да сені қорғап, қиын сәтте жәрдем береді. Бабаларымыз осылай сенген. Ал бүгінгі күні де әрқайсымыз өзімізге, іс-әрекетімізге және туған жерімізге деген қарым-қатынасымызға бір сәт көз жүгіртіп, ойланғанымыз жөн.
Театр туралы
Маңғыстау облыстық қуыршақ театры 1981 жылғы 6 қаңтарда В. Катаевтың «Цветик-семицветик» пьесасы бойынша қойылған спектакльмен ашылды. Ақтаудағы ұжым балаларға арналған ертегілермен қатар ересек көрерменге де қойылымдар ұсынған. Театрдың шығармашылығында туған өлкенің аңыздары, қазақ халқының дүниетанымы мен ұлттық мәдениетіне негізделген туындылар маңызды орын алады.