Жақыпбаев Айдын Кеңесқалиұлы 7 шілде, 1980 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2000 жылы Ж.Елебеков атындағы Республикалық Эстрада-Цирк колледжінің «Қуыршақ театрының артисі» мамандығы бойынша білім алған. 2000 жылдан бері КМҚК Мемлекеттік қуыршақ театрында артист болып қызмет жасап келеді.
2007 жылы ҚР Министрі Е.Ертісбаевтың арнайы құрмет грамотасының иегері.
2015 жылы Алматы қаласының әкімінің орынбасары З.Аманжолованың Дипломмен марапатталды.
Қазақстан Театр Қайраткерлері Одағының құрмет грамотасын иеленді.
2012 жылы «Еңлікгүл» номинациясымен марапатталды.
2019 жылы өнер саласындағы үздік қызметкерлердің жетістіктерін қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында жарық көрген «Алтын кітап» республикалық энциклопедиясына еніп, Мәдениет саласына қосқан үлесі мен кәсіби саласында жеткен жетістіктері үшін, Құрмет грамотасы және «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін иеленген
Сахнадағы ойнаған рөлдері: «Маугли» - маугли, «Сотқар бұзау» - бұзау, «Алладиннің сиқырлы шамы» - Сұлтан, «Атамекен» - Қанат, жылан, «Морозко» - ата, «Аяз ата жазғы демалыста» - Аяз ата, «Құрманғазы» - Әубәкір, «Али-баба және қырық қарақшы» - Қасым, көлеңкелі, «Қожа чемпион» - ата, «Үш торай» - Наф-Наф, «Сұғанақ ешкі» - ешкі, «Алтын балапан» - қасқыр, көбелек, «Арыстанның үрейін қалай емдейміз?» - қолбасшы, «Гадкий утенок» - аңшы, «Каштанка» - Федюшка, «Солдатский котелок» - устрашист, «Бағдаршам» - қораз, «Наурыз-думан» - Қаңбақ шал, саққұлақ, «Құтан мен қарақшы» - құтан, қарға, «Алдар көсе» - Алдар көсе, «Ана – Жер Ана» - Қасым, «Спорт Қожа» - ата, «Сағыныш шөбі» - тотықұс, «Медея» - Эгей.
2022 жылы 25 қазан - Республика күні ұлттық мерекесіне орай Қазақстан Республикасы президентінің 2022 жылғы 14 қазандағы Жарлығы бойынша "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды.
2023 жылы 1 қыркүйектен бастап "Актерлік труппа меңгерушісі" қызметін атқарады.