Каюов Бақытжан Шадиярбекұлы 18.11.1974 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданында дүниеге келген. 1996-2000 ж.ж.Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық Өнер академиясында сахна тілі мамандығы бойынша дәріс алған. 2000 жылдан бастап қазіргі кезге дейін Мемлекеттік қуыршақ театрында қызмет істеп келеді. Бақытжан қуыршақ театрының сахнасында сан алуан бейнелер сомдап, өнер құдіретімен болашақ ұрпағымыздың көңілінен шығып жүрген талантты әртістердің бірі. Өзіне берілген жұмысқа жауапкершілікпен қарап, қоғамдық іс шараларға да белсенді қатысатын жан. Өмірде байыпты және байсалды болса да өнерге келгенде өз кейіпкерінің иесі. Бүгінгі таңда шәкірт тәрбиелей алатын аға буын өкілі. Бақытжан Каюовтың ойнаған спектакльдері халықаралық және Республикалық фестивальдерде көптеген жүлделерге ие болған. Мәскеуде өткен «Аяз ата-2008» дүниежүзілік форумына қатысып», «Озорство и фантазия» дипломымен марапатталды, 2008 жылдың ең үздік аяз атасы атанды, «Жаңа жылға дейінгі 100 күн» шарасының 1 орын иегері, 2012 ж Certificate «World Puppet Carnival 2012».
2013 жылы Қазақстан театр қайраткерлері одағының «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
2022 жылдың мамыр айында театр саласына қосқан үлесі үшін "Дара" төсбелгісін иеленді.
2022 жылдың қараша айында қуыршақ театры сахнасындағы қажырлы еңбегі үшін "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісін иеленді.
2022 жылы желтоқсан айында Халықаралық Театр Сыншылары Бірлестігінің шешімімен "Шал мен теңіз" спектакліндегі Шал рөлі үшін "Қуыршақ театрының жыл актері" номинациясын иеленді.
Сахнадығыойнағанрөлдері: «Алқызыл гүл» - құбыжық, «Орыс халық ертегілері» - қасқыр, «Али-баба және 40 қарақшы» - Хасан, «Қызыл телпек» - қасқыр, «Атамекен» - Хан, «Құтан мен Қарақшы» - Қарт құтан, «Аққу жібек» - нөкер, «Үш торай» - Қасқыр , «Көңілді қонжықтар» - аю, «Бағдаршам» - ит, «Морозко» - ит, «Аладдиннің сиқырлы шамы» - піл, «Медея» - Креонт, «Тоба» - ата, «Каштанка» - Жорж мырза, «Түйме қыз» - көртышқан, «Мен бір жұмбақ адаммын... Абай».