Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Құлыншақ пен Бөлтірік

Жанр: Қиял ертегі
Автор: Ж.Омаров
Режиссер: Р.Жаныаманов
+6

Ертегінің тәрбиелік мағынасы мен тәлімдік мәні зор. Тіршіліктің тіреуіне айналған – достық әлемі болмағанда, аспан мен жердің арасын қатыгездік пен мейірімсіздік жайлап кетер ме еді?! Ертегі – баршамыздың жер анамыз Ана-Дала мен үрейлі жылқының анасы Боз биенің арасындағы аналық тебіреніс, аналық махаббат сахнасы арқылы өрбиді. Өмірге жаңа келген Бөлтірік пен Құлыншақтың достығы, екі топ – жылқылар мен қасқырлар арасындағы тайталасты жойып, бейбіт өмір орнайды.