Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Алматының туған күніне орай оқушылар арасында көркем сурет байқауы өтеді

3 Қыркүйек 2024

Байқаудың мақсаты – оқушылардың Алматы қаласына деген сүйіспеншілігін ояту.

Шабытты шаһар, тарихи мекен, еліміздің мәдени астанасы – Алматы қаласының туған күніне орай Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры 7-12 жас аралығындағы мектеп оқушыларына «Алматы менің көзіммен» атты көркем сурет байқауынжариялайды. 

Қатысушылар Алматы қаласының табиғаты, көрікті жерлері мен тарихи ғимараттары бейнеленген А3 немесе А4 пішіміндегі гуашьпен, акварельмен, түрлі-түсті қарындашпен, фломастерлермен салынған 1 дана суретінұсынады. Үміткерлер толық аты-жөнін, мектебі мен сыныбын ұсынылатын суреттің оң жақ төменгі бұрышына көрсетуі қажет. Айта кетейік, байқау жұмыстары 12 қыркүйекке дейін қабылданады.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 15 қыркүйек күні Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрының ғимаратында өткізіледі. Жеңімпаздар театр көркемдік кеңесінің шешімімен анықталады. Жүлделі орындарға ие болған оқушылар I, II, III дәрежелі дипломдармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады. Байқау нәтижеcіжәне қосымша ақпараттар театрдың www.puppet.kz ресми сайтында және Instagram әлеуметтік желісіндегі @kuyrshak_teatry парақшасында жарияланады.

Байқаудың мақсаты – оқушылардың Алматы қаласына деген сүйіспеншілігін оятып, шығармашылық қабілеттерін шыңдау және мерекенің маңызын дәріптеу.

Сурет өнерін түрлі бояумен сөйлеткен қылқалам шеберлерін аталмыш байқауға қатысып, бақ сынауға шақырамыз. Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!

 

«Qaz365» порталы

https://qaz365.kz/society/8920-almatynyn-tugan-kunine-orai-okushylar-arasynda-korkem-suret-baikauy-otedi/