Кемал Фатих Полат Карагөз театрының «Әлем жұлдыздарының шоуы» спектаклі

 

Жанр: карагөз жанры

Жас ерекшелігі: 5+

Ұзақтығы: 35 минут

 

Тілі: Түрік

Өтетін орны: Кіші зал

Өтетін уақыты: 21-қазан, 15:30

 

Спектакльдің шығармашылық құрамы:

- Режиссер, автор, суретші әрі музыкамен көркемдеуші –  Кемал Фатих Полат

 

Спектакль туралы:

«Әлем жұлдыздарының шоуы» – әлемге әйгілі өнер тұлғаларын түріктің дәстүрлі Қарагөз көлеңке театры арқылы таныстыратын спектакль. Спектакльде Элвис Пресли, Лучано Паваротти, Чарли Чаплин, Карлос Сантана, Луи Армстронг және басқа да танымал жұлдыздардың сахналық бейнелері көрермен назарына ұсынылады.

 

Театр туралы:

Кемал Фатих Полат Қарагөз театры»– түріктің «Қарагөз» атты дәстүрлі көлеңкелі театр өнерін дәріптеуді мақсат еткен театр. Оның негізін қалаушы әрі жетекшісі Кемал Фатих Полат қуыршақ театры саласындағы шығармашылық жолын 2006 жылы бастаған. Дәстүрлі ұстаз-шәкірт жүйесі арқылы «Қарагөз» өнерінің қыр-сырын меңгерген өнерпаз ұлттық театр дәстүрін сақтап, оны заманауи көрерменге таныстыру бағытында еңбек етіп келеді. Театрдың туындылары Түркиядан тыс жерлерде де ұсынылып, Кемал Фатих Полат әлемнің 20-дан астам елінде өткен халықаралық фестивальдер мен мәдени іс-шараларға қатысқан.