Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының қуыршақ труппасының «Қырсық» спектаклі
Спектакль : «Қырсық»
Жанры: Балаларға арналған эксперименталды қуыршақ қойылымы
Тілі: Қазақ тілінде
Өтетін орны: Мемлекеттік қуыршақ театры, үлкен зал
Өтетін күні мен уақыты: 22 қазан 2023 жыл, 15:00
Спектакльдің шығармашылық құрамы
Автор: В. Воробьев
Режиссері: Н. Өтеуілінова.
Қоюшы режиссер — Назым Өтеулинова.
Қоюшы суретші — Қарлығаш Шалабаева.
Спектакль туралы
Спектакльдің басты кейіпкері — айналасындағылардың айтқанын тыңдамайтын, үнемі бәріне қарсы шығып, өз дегенінен танбайтын «Қырсық» кейіпкер. Ол өзінің қырсықтығы мен тілазарлығының кесірінен түрлі қызықты да қауіпті оқиғаларға, күлкілі жағдайларға тап болады. Түрлі кедергілер мен бастан кешкен оқиғалар арқылы кейіпкер достықтың, үлкендерді тыңдаудың және айналаға мейірімділікпен қараудың қаншалықты маңызды екенін түсіне бастайды.
Театр туралы
Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры 1975 жылы ашылды. Алғашқы қойылымы — Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясы. Театрға 2000 жылы Бикен Римованың есімі берілді. Ұжым қазақ және әлем драматургиясын сахналап, балаларға арналған ертегілер де ұсынады. 2023 жылы «Қырсық» театр тарихындағы алғашқы эксперименталды қуыршақ қойылымы ретінде жүзеге асырылып, Алматыдағы халықаралық фестивальге қатысты.