Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

"Мен бақытты баламын" сурет байқауы жеңімпаздары анықталды

1 Маусым 2023

Әр шаңырақтың шырағы мен шуағы балдырғандар күніне орай ұйымдастырылған «МЕН БАҚЫТТЫ БАЛАМЫН!» көркем сурет байқауы өз мәресіне жетті.

Алматы қаласынан ғана емес өзге де өңірлерден 100-ге жуық талантты үміткерлер бақ сынаған тартысты байқауда театрымыздың көркемдік кеңесінің шешімімен үздік танылған жеңімпаздар анықталды:

⚜️I ОРЫН – БАҚБЕРГЕН ҮМІТ, №207 мектеп-лицейінің оқушысы;
⚜️II ОРЫН – ӘУЕЗБАЙ ҚУАНЫШ, С.Сейфуллин ат. №2 мектеп оқушысы;
⚜️II ОРЫН – СЕРІКБАЙ ИСЛАМ, «Балдырған» балабақшасының тәрбиеленушісі;
⚜️III ОРЫН – ҚАНАТБЕКҚЫЗЫ АҚЕРКЕ, №109 жалпы білім беретін мектеп оқушысы;
⚜️III ОРЫН – НЕСТЁРКИНА УЛЬЯНА, №57 мектеп оқушысы;
⚜️III ОРЫН – ТАЛҒАТҚЫЗЫ ТОҒЖАН, оқушылар сарайының шәкірті.

Сонымен қатар, ерекше қабілеттерімен көзге түскен қатысушылар Асанова Айзере, Ерпан Умар, Қадырбай Балжан, Қанапиянова Жансая, Токобаева Гулбарчын, Капас Айлин, Мұхтар Райяна, Әмзе Жания, Серікбай Дияр, Нұрымбетова Дания, Токобаев Нұрислам ынталандыру жүлделеріне ие болды.

Жеңімпаздарға театр әкімшілігі атынан арнайы дипломдар, естелік сыйлықтармен қатар, театрымыздың қазыналы қойылымдарына, Қазақ Мемлекеттік Циркі, Алматы Хайуанаттар бағы сонымен қатар, «Жас қанат» жас орындаушылар гала-концертіне тегін жолдамалар, «Dizzy» компаниясының «Riksamin C Vitamin» сусындары табысталды.

Байқаудың өтуіне қолдау танытқан Алматы қаласы Мәдениет басқармасына және барша үміткерлерге зор алғыс білдіреміз!