Құдабаева Күлбала Ахметжанқызы 1960 жылдың 22 наурызында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылында дүниеге келген.
1966 - 1976 жылдары аралығында жалпы білім беретін Айша бибі орта мектебінде білім алған.
1976 – 1978 жылдар аралығында Алматы қалалық жеңіл өнеркәсіп училищесін тәмамдаған.
2004 – 2009 жылдарда Орталық Азия университетінде қаржыгер мамандығы бойынша жоғары білімін жетілдіреді.
Еңбек жолы:
· 1979 – 1987 жылдары Жуалы ауданындағы тұрмыстық қызмет көрсету мекемесінде тігін шеберханасының меңгерушісі;
· 1988 – 1991 жылдары Жамбыл қалалық №8 училищесінде тәлімгер;
· 1991 – 2003 жылдары Тараз қалалық облыстық жылу бөлімінде – оператор;
· 2004 жылдан бүгінгі күнге дейін Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрында жемісті еңбек етуде.