Белғожаев Ақжол Нұртілеұлы 1990 жылдың 19 қыркүйегінде Алматы облысы Талдықорған қаласында дүниеге келген.
1997 - 2002 жылдар аралығында Талдықорған қаласының № 15 орта мектебінде және 2002- 2006 жыдарда Талдықорған қаласының № 2 мектеп гимназиясында жалпы орта білім алады.
2006 - 2009 жылдары Талдықорған қаласының №19 кәсіптік лицейін тәмәмдап, жоғары білімін жетілдіру мақатында 2009 жылы Алматы қаласындағы Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының Сценография факультеті «Театр техникасы және спектакльді әрлеу» мамандығына оқуға түсіп 2014 жылы аяқтайды.
Жұмыс тәжірибесі:
· 2014- 2015 жылдары Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында - қоюшы суретші;
· 2016-2017 жылдары «Алатау» дәстүрлі өнер театрында - қоюшы суретші;
· 2017 жылдан бүгінгі күнге дейін Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрында - қуыршақ жасау бөлімінің басшысы қызметін атқаруда.