Жуасбек Ганна Нұрмағамбетқызы 1969 жылы 8 наурызда Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген.
1986 жылы Алматы қаласындағы №62 жалпы білім беретін орта мектепті аяқтаған.
1987 – 1991 жылдар аралығында Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер Институтын «Қуыршақ театрының артисі» мамандығы бойынша тәмамдайды.
Жұмыс тәжірибесі:
· 1994 – 2001 жылдар аралығында Ұлттық әскери – патриоттық орталығында мәдени іс – шараларды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі;
· 2010 – 2016 жылдар аралығында Астана қаласы, «Зерде» дарынды балаларға арналған мектепте «Қуыршақ бөлімі» үйірмесінде оқытушы;
· 2017 жылдан Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрында «Актерлік топтың меңгерушісі» қызметін атқарып келеді.