Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Жаныаманов Рүстем Айбекұлы

Жаныаманов Рүстем Айбекұлы 06.06.1987 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ашысай ауылында дүниеге келген.

Ж.Смағүлов атындағы №9 мектеп интернатында жалпы орта білім алған.

2007 жылы  Т.Жүргенов атындағы қазақ Ұлттық өнер академиясының колледжін, 1997 - 2012 жылдары Т.Жүргенов атындағы қазақ Ұлттық өнер академиясының «режиссура» бөлімін тәмамдаған.

2012 жылы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Дарио Фоның «Байы бар, басы бос» пьесасын сахналап театр сыншылары тарапынан жоғары бағаға ие болған.

2016 жылы М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрында Жан Коктоның «Адам дауысы» атты трагедиясын  сахналаған.

2017 жылы Мемлекеттік қуыршақ театрында алғаш рет қуыршақ театры бағытында режиссерлік қырын дамыту мақсатында Ж.Омаровтың «Құлыншақ пен Бөлтірік», Р.Отарбаевтың «Сағыныш шөбі» ертегілерін сахналап Е.Жуасбек, Б.Нүрпейіс бастаған театр сыншыларының сараптамасынан өткен болатын.

Рүстем Жаныаманов режиссерлігімен қатар, кино саласында да актер ретінде танылып, көптеген фильмдер мен телесериалдарда  бірқатар рөлдер сомдады.  Е.Рүстембековтың «Ана жүрегі», Е.Нұрмұхамбетовтың «Жаңғақ тал», авторлық фильмі «Көк тарландар», «Арман асуы», «Пилоты», Ж.Пошановтың «Қашғарға саяхат» тарихи көркем фильмдерінде айшықты бейнелерімен ерекшеленетін талант иесі.