Жүсіпәлі Алтынай Әзімханқызы 1982 жылдың 27 қаңтарында Шымкент қаласында дүниеге келген.
1999 жылы Француз Республикасы Париж қаласындағы Ресей Федерациясы елшілігінің жалпы білім беретін орта мектебін аяқтаған.
2003 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «Сценография» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2003 – 2005 жылдар аралығында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында жоғарғы білімін «Сценография» мамандығы бойынша жетілдіріп, бейнелеу өнерінің магистрі ғылыми дәрежесін алған.
Жұмыс тәжірибесі:
· 2002 – 2003 ж.ж. Орал қаласы, Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры – қоюшы суретші;
· 2003 – 2007 ж.ж. Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры – қоюшы суретші;
· 2006 – 2007 ж.ж. «Синяя черепаха» бейнелеу өнері студиясы – оқытушы;
· 2007 – 2008 ж.ж. Алматы Неміс драма театры – қоюшы суретші;
· 2007 – 2012 ж.ж. «ArtDanaStudio» шығармашылық студиясы – оқытушы;
· 2012 ж. «Еркем – Ай» мектебі – бейнелеу өнерінің оқытушысы;
· 2010 – 2013 ж.ж. «ZhanArt» шығармашылық студиясы – директор орынбасары;
· 2018 жылдан бастап Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрында бас суретші қызметін атқарып келеді. «Тоба», «Медея», «Айко мен Страшко» спектакльдерімен жұмыс жасаған.