Шокалаков Ануар Бекежанұлы 1985 жылдың 18 маусымында Алматы қаласында дүниеге келген.
1991 – 2002 жылдары Шу ауданы Жаңажол ауылында Б.Момышұлы атындағы орта мектепте жалпы білім алған.
2002 – 2007 жылдары «Қазақ бас сәулет – құрылыс академиясының» «ағаш өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнын бітіріп шығады.
2008 – 2011 жылдары аталған оқу орнының экономика факультетін тәмамдайды.
Еңбек жолын 2007 жылдан Алматы қаласындағы «АИСТ – СЕРВИС» шағын компанияның инженері қызметінен бастайды.
2013 жылдан бастап, Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, шаруашылық бөлімінің бас маманы қызметіне тағайындалып, 2014 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметіне қабылданады.
2015 жылы ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы сынды жетекшілік қызметтерін атқарады.
2017 жылы Алматы қаласындағы «Мемлекеттік қуыршақ театрына» төтенше жағдайларды алдын- алу жөніндегі бас инженер қызметіне ауысып, осы уақытқа дейін тиісті міндеттерін жоғары дәрежеде атқарып келеді.
2019 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» мемлекеттік мерекесі қарсаңында, мәдениет саласындағы белсенділігі үшін Мәдениет басқармасының басшысы Е.Құрмашевтың «Алғыс хатымен» марапатталды.