Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Маупасов Алмас Еркетайұлы

Маупасов Алмас Еркетайұлы 1972 жылдың 10 қазанында Алматы қаласында дүниеге келген.

1979 жылы Жамбыл облысындағы Киров атындағы мектебінің табалдырығын аттап, 1989 жылы бітірген.

1989-1994  жж. аралығында Алматы қаласындағы ауылшаруашылық институтында білім алып, «Инженер – механик» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1994 жылдың шілде-қараша айы аралығында «Турал» фирмасында қызмет атқарған.

1995-1999 жж. аралығында Ішкі істер органында қызмет жолын жалғастырған.

2001 жылдың ақпан-қазан аралығында Азаматтық қорғаныс меңгерушісі болып қызмет атқарған.

2001 жылдың қазан айынан бастап «М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына» транспорт бөлімінің меңгерушісі қызметіне қабылданып, 2008  жылы бас инженер лауазымына ауыстырылған.

2009-2016 жылдар аралығында театр директорының орынбасары лауазымын атқарған.

2010-2012 жж. Үздік білім беру университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білімін жалғастырған.

2016-2017 жж. аралығында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар  мен  жасөспірімдер  театрының  бас инженері болып тағайындалды.

2017 жылдың қаңтар айынан бастап Мемлекеттік қуыршақ театрынында директордың әкімшілік жөніндегі орынбасары қызметінде еңбек жұмысын жалғастыруда.

М.Әуезов театрының 80 жылдық мерейтойы қарсаңында «Құрмет» грамотасымен және Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігі тарапынан «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталды.