Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Ықласов Батырбек

Ықласов Батырбек Нұралыұлы 10 қазан, 1993 жылы Ақтау қаласында дүниеге келген. Үлгілі орта мектебін аяқтағансоң, 2013 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер Академиясының театр өнер факултетіне «Қуыршақ театрының артисті» мамандығына оқуға түскен. 2017 жылы өнер Академиясын үздік тәмәмдаған. Қазіргі кезде Алматы Мемлекеттік Қуыршақ театрының әртісі. 

Сахнадағы ойнаған рөлдері: «Сағыныш шөбі» - жауынгер, «Ана – ЖерАна» - Майсалбек, «Арыстанның үрейін қалай емдейміз?» - су сиыр, Африкандық патша.