Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Өтебай Қуаныш Төлеуұлы

Өтебай Қуаныш Төлеуұлы 29.06.1978 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. 1997-2001 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының театр факультеті, қуыршақ театр актеры мамандығы бойынша дәріс алған. 2009 жылдан бері Мемлекеттік қуыршақ театрында жұмыс істеп келеді.                                                            

Сахнадағы ойнаған рөлдері: «Чемпион Қожа» - Қоқы, «Меңсұлу» - Тоқтамыс, «Үшторай» - Қасқыр, «Сұғанақ ешкі» - ата, «Қаңбақ шал» - режиссер, қара дәу, «Жусан иісі» - Тарық.