Жапишева Салтанат Маратқызы 1986 жылдың 19 наурызында Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында дүниеге келген. 2002-2005 ж.ж. Ж. Елебеков атындағы Эстрада-цирк колледжінде "қуыршақ театрының артисты" мамандығы бойынша, 2006-2011 ж.ж. Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер Академиясының «Кино және ТВ» бөлімінде "режиссер" мамандығы бойынша тәмамдады. Студенттік шағында 2002 - 2005 жылдар аралығында театрда жұмыс істеген. Кейін 2014 жылы театр сахнасына қайтып оралды.
Сахнадағы ойнаған рөлдері: «Үш торай» - Нуф-Нуф, «Көңілді қонжықтар» - әже, «Аква ертегі» - серена, «Алқызыл гүл» - Капа, «Тоба» - әже.