Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Құпияға толы ғажайып 2020

Жанр: Ертегі
Автор:
Режиссер: Е.Қабдыл, Р.Жаныаманов
+3

Құрметті кішкентай көрермендер және Алматы қаласының қонақтары! Алматы мемлекеттік қуыршақ театры балаларға арналған «Құпияға толы ғажайып - 2020» атты жаңа жылдық думанды шоу бағдарламасын ұсынады. Театр фойесінде бүлдіршіндерді түрлі танымдық ойындармен қоса аяушылық пен қорқынышты білмейтін Джокер, аңқау Миньондар, білгіш Фиксиктер күтуде. Қойылымның қызықты оқиғалары балаларды ертегі әлеміне сапар шеккізіп, таңғажайып мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Кішкентай көрермендерімізді жаңа жылды Эльфтармен бірге жасыл шырша маңында Аяз ата, Ақшақар және жаңа жылдың иесі берекелі Ақтышқанмен қарсы алуға шақырамыз! Ғажайыпқа толы сәттердің сиқырына бөленуге асығайық!