Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Ай астындағы таңғажайып Жаңа Жыл

Жанр: Шоу-концерт
Автор:
Режиссер: Е.Қабдыл, А.Зайцев
+3

Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры 20 желтоқсан мен 13 қаңтар күндері аралығында өтетін «Ай астындағы таңғажайып Жаңа Жыл» атты ертеңгілікке шақырады! Сіздерді театр фойесінде аяз ата мен ақшақар, жыл он екі ай кейіпкерлері, жасыл шырша айналасында ән салдырып, би билетіп, көңілді ойындар ойнатып, зор құрметпен күтіп алуға дайын. Сондай-ақ, театр аристерінің қатысуымен өз үйінен жырақтап, айға ұшқан бақаның басынан өткерген қызықты сәттерін суреттейтін «Кішкентай бақаның шым-шытырық оқиғалары» атты ертегісі сахналанады. Қуыршақ театрына келіңіздер, қызық думан көріңіздер!