Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Атамекен

Жанр: Ертегі
Автор: С.Жүнісов
Режиссер: Қ.Ешмұратова
+3

Қойылым – қиын қыстау кезеңдегіатамекеніне жетуді аңсаған Жоңғартаудағы халықтың тағдыры, туған жерге деген сағынышы, махаббаттың құрбанына айналған жастар жайындағы трагедияны суреттейді. Жат елден текпіршік көрген қандастарымыз елге деген ішкі сағыныштарынсалты бөлек елде рухани биіктікті жоғалтпай, ұлттық нақыштағы бейнелеу өнерімізді дәріптеу арқылы тегімізге біткен тектілікті көрсетеді. Оқиға кейіпкерлері жас көрермендердің назарына қуыршақ кейіпкерлерінің тұлғасында сөйлейді.