Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Қуыршақ театры кастинг жариялайды!

21 Маусым 2022

Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» спектаклінің қойылымына КАСТИНГ жариялайды! Кастингке 18-25 жас аралығындағы Ромео мен Джульеттаның ролін сомдайтын жалынды жастарды шақырамыз!