Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

"Менің анам!" сурет байқауы жарияланды

3 Наурыз 2022

"Alatau akparat" медиахолдингі "Менің анам!" тақырыбында оқушылар арасында сурет байқауын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Байқау Халықаралық арулар күні мерекесіне арналған.

Сурет байқауы 3 және 10 наурыз аралығында @aqshamy.official инстаграм парақшасында жүргізіледі.

Байқау туралы толығырақ мәліметті төмендегі ақпараттан ала аласыз.

Байқау! Байқау! Байқау!

Шуақты көктемнің мейірімді мерекесі - 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай "Менің анам!" тақырыбында оқушылар арасында сурет байқауы жарияланды.  

Байқау шарты:
- "Менің анам!" тақырыбында сурет салу;
- Суретті өзіңіздің немесе ата-анаңыздың инстаграм парақшасына жүктеу;
- Постқа:
#меніңанам
#АлматыАқшамы 
#ақшамы
#aqshamy хэштегтерін жазу,
@aqshamy.official инстаграм парақшасына жазылу;
- @aqshamy.official парақшасын белгілеу.

Байқауға арнап сурет салумен қатар тақырыптық видео жасап жүктеуге болады және бұл қатысушылар бөлек бағаланады.

Байқаудың өтетін уақыты: 3 және 10 наурыз аралығы.

Байқау жеңімпаздарын жариялау - 11 наурыз.

Байқау жеңімпаздары "Alatau akparat" медиахолдингінің дипломымен марапатталады және оларға Алматыдағы театрлар қойылымдарына билеттер табысталады.

Байқау қолдаушылары: Алматы қаласының «Мемлекеттік қуыршақ театры» КМҚК @kuyrshak_teatry, www.puppet.kz және Н.Сац атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры @satstheatre_almaty, www.satstheatre.org.kz 

Байқау жеңімпаздарын марапаттау уақыты мен өтетін орны байқау аяқталған соң қосымша хабарланады.

 

СІЛТЕМЕ: https://almaty-akshamy.kz/menin-anam-suret-baykaui-zhariyalandi