Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Қуыршақтар Еліне Саяхат!

8 Қыркүйек 2017

Ақмола облыстық орыс драма театры өз сахнасында Алматы мемлекеттік қуыршақ театрын зор қуанышпен қарсы алды. Аталған қуыршақ театры елімізге халықтық ертегілерге негізделген сиқырлы қойылымдарымен танымал. Көз тартарлық костюмдер, әдемі қуыршақтар бұл тек қана баланың ғана емес, ересектердің де қызығушылығын арттыратынына күмән жоқ.

 

Алматы театрының іс сапары екі аптаға жалғасады. Ал, Көкшетау қаласында үш күндей болады. Қойылымдарды екі жастан бастап тамашалауға болады. Балалардың актерлік щеберліктерін, ертегі әлеміне деген қызығушылықтарын арттыруға спектакльдердің берер тәлім-тәрбиесі мол.

 

Көрермендердің ыстық ықыласы мен қошеметтері әртістердің шығармашылығын шыңдай түсері белгілі. Дәл осындай көңіл-күймен Алматы әртістерін  жерлестеріміз зор қуанышпен қарсы алды. Қуыршақ театрының шебер актерлері қызықты да, көз тартарлық қойылымдармен көрермен көзайымына айналды десек болады.

 

Балғындарға бақыт сыйлау үшін қуыршақ театрының әртістері еңбек жолында аянбай ізденуде. Қуыршақтармен түрлі қозғалыста жұмыс жасау оңай дүние емес екендігі анық. Сондықтан да қуыршақтардың қуанышты қойылымын көруге асығыңыздар.. 

 

М.Болатұлы, Анастасия Заяц