28 наурыз күні "АRTиШОК" театрының кіші залында қазақстандық авторлардың прозалық шығармаларын оқудан І ші актерлер арасындағы байқау өтті. Мемлекеттік және бірнеше алматылық жеке театр артистері қатысқан байқау өте жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған. Аталмыш байқауда театрымыздың артистері Руслан Абу мен Болат Момынжанов өз бақтарын сынап көрді. Нәтижесінде, театрымыздың аға буын артисі Болат Момынжанов бас жүлдені жеңіп алды. Ал, жас артисіміз Р.Абу ынталандыру сыйлығымен марапатталды.
Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!