Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Хабарландыру: Көрермендерге медициналық бетперде тағу қажет

8 Шілде 2022

Құрметті көрермендер! 

 

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері 04.07.2022 қабылдаған №6 қаулысына сәйкес коронавирустың таралуы бойынша Алматы қаласы «Сары» аймаққа ауысты. Соған байланысты біз көрермендерге театрымызға келер алдында медициналық бетперде тағу қажеттігін хабарлаймыз. Түсіністік танытып, сақтанып жүрейік! Назарларыңызға рахмет!

 

Театр әкімшілігі

 

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің №6 қаулысы төмендегі сілтеме арқылы қолжетімді: 

https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/documents/details/322224?lang=kk