Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Қуыршақ театры жаз мезгілін фестивальдермен бастады

13 Маусым 2021

Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры үшін жаз мезгілі ХV Халықаралық «Наурыз» түркі халықтарының театр фестивалімен басталды. Аталмыш фестиваль екі жылда бір рет өтіп отырады және Ресей Федерациясындағы ең ауқымды әрі жалғыз ұлттық театр фестивалі болып табылады. Алғаш рет 1989 жылы Алма-Ата қаласында өткізілген. КСРО ыдырағаннан кейін жылдар өтіп, 1998 жылы Татарстан астанасы – Қазан қаласында қайта жанданған. Ұйымдастыру шаруаларымен сол кезден бері Г.Камал атындағы Татар мемлекеттік академиялық театры айналысып келеді. Бұндай фестивальге қатысу қуыршақ театрының ұжымына халықаралық аренада бақ сынауға және қуыршақ жүргізу өнерінің маңыздылығын арттыруға мүмкіндік береді.

2019 жылы өткен кезінде Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры аталмыш фестивальге репертуарындағы «Ромео мен Джульетта» қойылымымен қатысқан болатын. Бұл жолы қуыршақ театры өз репертуарындағы Е.Локшинаның «Мен бір жұмбақ адаммын... Абай» қойылымымен қатысты. Алайда дүниежүзілік Covid-19 пандемиясына байланысты аталмыш фестивальге режиссер А.Зайцев қойған спектакль тек онлайн түрде қатыса алды. Ол кинофильм секілді үлкен экран арқылы Камал театрының кіші залында фестиваль көрермендеріне ұсынылды.

Бірақ соған қарамастан қойылым жақсы пікірлерге ие болды. Журналист әрі театр сыншысы О.Фукс «Мен бір жұмбақ адаммын... Абай» қойылымын «қызық» деп бағалап, «Әркім өз бетінше жинақтай алатын пазл» деп сипаттады. Ал театр сыншысы А.Казарина спектаклдегі форма және фольклормен жүргізілген жұмысты жоғары бағалап, «халық естелігі» тақырыбының оңды көтерілгенін айқындап өтті.

 

Толығырақ ақпарат алу үшін, осы сөйлемді бассыңыз.