Нұраділ Алияр Нұрланбекұлы – 1998 жылдың 17 маусымында Алматы облысы, Балхаш ауданы, Береке ауылында дүниеге келген.
2016 жылы Береке орта мектебін тәмәмдаған.
2016 жылы Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада және Цирк колледжіне «Қуыршақ театр әртісі» мамандығына оқуға қабылданып, 2019 жылы бітірген.
2019 жылы Мемлекеттік қуыршақ театрына қабылданып, артист лауазымында қызмет атқаруда.
Театр сахнасында ойнаған рольдері:
«Арыстан үрейін қалай емдейміз?» – Шаман, Арыстан. «Мен бір жұмбақ адаммын… Абай» – Құс, «Күлше қыз» – Ханзада, «Үйшік» – Қасқыр, Әтеш, «Ер Төстік» – Саққұлақ, Таусоғар, «Тоба» – Немере, «Өмір-Өзен» – Көпшілік сахна.